Экономика

Елші: Қазақстан мен ГФР арасындағы тауар айналым жоғары көрсеткішке оралады

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтутас жолдағы фуралар
тас жолдағы фуралар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылдың қорытындылары бойынша екі ел арасындағы сауда айналым төрт миллиард еуроны құрады

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Осы жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым 45%-ға артады деп күтіледі. Бұл туралы Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов хабарлады. 

Оның атап өтуінше, неміс статистикалық деректерге сәйкес, екі ел расындағы өзара тауар айналым төрт миллиард еуроны құраған. Ағымдағы  жылдың бес ай шамасында тауар айналым 36%-ға артып, 2,1 миллиард еуроны құрады.  

"Осы жылдың қорытындылары бойынша сауда  айналым 45 пайызға артады, деп күтіп отырмыз. Біз 2013 жылы тіркелген жоғары көрсеткішке қол жеткізе аламыз деп отырмыз. Ол кезде біздің сауда айналым 6,5 миллиард еуроны құраған", — деді Нүсіпов бейсенбіде өткен брифинг барысында. 

Елшінің айтуынша, екі жақты сауда айналымның төмендеуі ең алдымен мұнай мен металл бағасының түсуі және теңге девальвациясына қатысты болған. 

"Қазір бәрі қалпына келіп жатыр, өте жақсы перспективалар бар. Меніңше, компаниялардың өзі қолда бар мүмкіндіктерді белсенді пайдалана бастаған сияқты", — деп түйді дипломат. 


Жаңалықтар
0