Қоғам

Елші Германиядағы қазақтар қалай тұрып жатқанын айтып берді

© AP Photo / Pavel Mikheyevқазақтар
қазақтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Германияда бір мыңнан астам қазақ тұрады

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Германия федеративтік республикасындағы елшісі Болат Нүсіпов Германиядағы қазақтар қалай тұрып жатқанын айтып берді. 

"Германияда қазақтар диаспорасы бар, олармен біз тығыз қарым-қатынастамыз. Германияда тұратын қазақтар біздің шараларға үнемі қатысады", — деп әңгімеледі Нүсіпов. 

Оның айтуынша, қазіргі уақыттаГерманияда 1 мыңнан астам қазақ тұрып жатыр. Олардың барлығы Кельн, Мюнхен және Берлинде шоғырланып өмір сүреді екен. Сондықтан осы үш қалада қазақ мәдениеті орталығы жұмыс істейді.

"Ең үлкені Кельнде, екіншісі Мюнхенде, үшіншісі Берлинде ашылған. Берлиндегі орталықты 2014 жылы аштық. Осы жерде балаларға қазақ тілін үйретеміз", — деді ол. 

Германиядағы Қазақстан елшілігі неміс жеріндегі этникалық қазақтарға көмек көрсетеді. 

"Мысалы, Еуропа қазақтарының кіші құрылтайын өткізуге көмектестік. Құрылтай 2011 жылы Копенгагенде, 2014 жылы Берлинде, 2016 жылы Кельнде болды", — дейді Нүсіпов. 

Сондай-ақ елші әр жылдары Қазақстаннан Германияға қоныс аударған немістер туралы да айтып берді. 

"Біздің кейбір жерлестеріміз Германияда қоғамдық-саяси ортада белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанда туып-өскен Бундестаг депутаты Генрих Цеклих туралы айтып өтуге болады. Экономика және мәдениет салаларында басқа да адамдарды мысалға келтіруге болады. Олар адами қарым-қатынас, гуманитарлық байланыста көпір ретінде маңызды рөл атқарады", — деді ол. 

Германия ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес Қазақстаннан Германияға қоныс аударған этникалық немістердің саны 1 миллионға жуықтайды екен. Елшінің айтуынша, олардың ішінде Қазақстанға қайтып оралғысы келтіндер бар. 

"Мәселен, биылғы жылдың басынан бері 80-нен астам неміс азаматы Қазақстанда тұрақты тұруға виза алған. Бұл біздің елімізде адамдардың жетістіктерге жетуіне мүмкіндіктер аясы кеңейіп келеді деген сөз, сондықтан көпшілігі қайтып келгісі келетін шығар", — деп түйді сөзін елші. 


Жаңалықтар
0