АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қостанай облысының прокуратурасы сотқа амбулаториялық сотмедсараптама жетекшісі, психоневрологиялық диспансердің бұрынңы бас дәрігері Рашида Сәрсенбаеваны өлтіруге қатысы бар төрт кісіге қатысты істі жолдады. Істе басты күдікті Қостанай облыстық психоневрологиялық диспансердің бұрынғы бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина болып отыр, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу аясында қылмыс жасауға қатысы анықталғаны, атап көрсетілген.
Төрт адамға (Издалина, оның танысы мен емделушісі Гафаров, сонымен қатар қылмысты орындаушылар) қатысты айыптау актісі кеше процессуалдық прокурормен, 16 тамызда бекітілді. Іс қарауға Қостанай облысы қылмыстық істер жөнідегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, деп көрсетілген хабарламада.