АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесіне баратын президенттік делегацияны тағайындады, деп хабарлайды Ақ үйдің баспасөз қызметі.
Делегация сапары 28 тамызға жоспарланған, оны АҚШ энергетика министрі Рик Перри басқарып келді.
Бұдан бөлек, президенттік делегацияның құрамында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол, АҚШ өкілдер палатасының басшысы Кевин Крамер, шетелдік инвестициялар корпорациясының (OPIC) президенті және бас атқарушы директоры Рэй У. Уошберн, АҚШ президенті көмекшісінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша орынбасары Лиза Кертис, General Electric корпорациясының вице-президенті, General Electric Russia президенті және бас атқарушы директоры Рональд Дж. Поллетт.бар.