АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Алматы облысында екі тұрғынның ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бары анықталуда, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Ер адамдарды арнайы жасақ әскерлерінің қатысуымен облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша басқарманың жедел қызметкерлері екі күн ішінде ұстады.
Полиция хабарлағандай, Қарасай ауданында отыз жастағы ер адам ұсталған. Ол үш миллион теңгеге алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Екінші тұлға Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек ауылында ұсталған, жасы жиырма жетіде. Одан травматикалық қару табылды.
Ұсталғандардың екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері болуы мүмкін.