Әлем

Сауд Арабиясының тағы бір ханзадасы көз жұмды

© Associated PressСауд Арабиясы
Сауд Арабиясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ханзаданың жасы мен қазасының себебі айтылған жоқ

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Сауд Арабиясының ханзадасы Бандар бин Фад бин Саад бин Абдулрахман Аль Сауд қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости SPA агенттігіне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының патша сарайы ханзаданың сәрсенбі 16 тамызда көз жұмғанын хабарлады. Қазасына не себеп болғаны және марқұмның жасы жайында ештеңе айтылмайды.

Бұдан бұрын 8 шілдеде Сауд Арабиясының басқа ханзадасы Сальман бен Абдаллах бен Турки Аль Сауд қайтыс болған. Оның жасы жиырма алтыда еді. Жүрек талмасынан көз жұмған болатын.

Жаңалықтар
0