Оқиға

ОҚО-да тойда атыс болып, екі адам жараланды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуқару
қару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіттер үйлену тойында оқ атып, салдарынан әйел мен қыз жараланды

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында үйлену тойында атыс болып, екі адам жараланды. 

15 тамызда Сайрам АІІБ-ның кезекші бөліміне сағат түнгі бір шамасында Ақсукент елді мекеніндегі мейрамханаларының бірінің алдында атыс болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы, бір топ жас жігіт қонақтардың көңілін өздеріне аудару мақсатында анықталмаған қарудан аспанға бірнеше рет оқ атқанын анықтайды. 

Қару от алмай, атылған оқ "Бентли" автокөлігіне тиіп, одан жанамалап шашыраған бытыра 1952 және 1996 жылы туған екі әйелге тиген. Дене жарақаттарын алған әйелдер аудандық ауруханаға дәрігерлік көмекке жүгінеді, кейін олар үйлеріне қайтарылған, деп хабарлайды өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында үш күдіктіні ұстады. Олар 1992, 1993 және 1996 жылы туған ОҚО тұрғындары, екеуі бұрын сотты болған. Күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында 12 калибрлі аңшылық шолақ мылтығын, екі травматикалық тапанша және әр түрлі калибрдегі оқтар тәркіленді. Ал екінші күдіктінің «Мерседес» автокөлігінің ішінен 16 калибрлі аңшылық шолақ мылтығы және гильза табылды. 

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" және 287-бабының 1-бөлігі  "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0