Қоғам

Қазақстанда жедел жәрдем жаңа ережелермен жұмыс істейтін болады

© Photo : пресс-служба НИИ травматологии и ортопедииЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда жедел жәрдем бригадаларының жұмысы жаңаша ұйымдастырылатын болады: жедел жәрдемің келу уақыты 10 минуттан 1 сағатқа дейінгі аралықта жүргізіледі

АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов республикада жедел медициналық жәрдем көрсету ережелерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денсаулық сақтау саласындағы ең басты жүз мәселе анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұйрық күшіне енді. 

Жедел медициналық қызметтер (ЖМҚ) туралы жаңа медициналық бұйрық Қазақстан Республикасының халқына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің сараланған тәсілін ұсынады. Жедел шақыртулар белгілеріне (синдромдарына) қарай санаттар бойынша оңтайландырылды және топтастырылды.

Бірінші категория: пациенттің өміріне тікелей қауіп төндіретін, шұғыл медициналық көмек талап етілетін жағдайда. Бригаданың келетін уақыты 10 минутқа дейін.

Екінші категория: пациенттің өміріне ықтимал қатер төндіретін,  медициналық көмексіз жағдай. Бригаданың келетін уақыты 15 минутқа дейін.

Центр нейрохирургии - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дәрігерлердің жалақысы интернет жүйедегі "лайктарға" қатысты белгіленетін болады

Үшінші категория: пациенттің денсаулығына ықтимал қатер төндіретін,  медициналық көмексіз жағдай. Бригаданың келетін уақыты 30 минутқа дейін.

Төртінші категория: пациенттің жағдайы жіті ауруларының немесе созылмалы ауруларының асқынуымен, кенеттен және айқын көрінген ағзалар мен жүйелердің бұзылуымен көрінетін, науқастың денсаулығына және өміріне тікелей қауіп жоқ жағдайда. Бригаданың келетін уақыты 60 минутқа дейін. 

Министрлікте атап өтілгендей, бірінші 3 категория  жедел медициналық көмек станциясы деңгейінде көрсетілетін болады, ал 4-інші категория емханалардағы жедел медициналық көмек бөлімшелері деңгейінде көрсетіледі, яғни емхана деңгейінде жедел медициналық көмек көрсететін бөлімшелер тәулігіне 24 сағат бойы шақыртуларды қабылдайтын болады.

"Бұл жаңашылдық шұғыл көмек көрсетудің 3 кезеңі арқылы госпитальға дейінгі өлім-жітімді төмендетуге бағытталған: — зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету бригадасының келуіне дейін, жедел медициналық көмек, — жедел жәрдемді фельдшерлік/дәрігерлік бригадалармен көрсету, — стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде медициналық көмек көрсету", — делінген хабарламада.

Жаңа бұйрыққа сәйкес, алғашқы көмек бригадасының келуіне дейін жедел медициналық көмек медициналық білімі жоқ адамдармен көрсетілуі мүмкін: полиция қызметкерлері, патрульдік қызмет, білім беру, көлік, өнеркәсіп кәсіпорындарының, әлеуметтік сала және т. б. 

аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әкімшілік қызметкерлерді қысқарту есебінен дәрігерлердің жалақысы өсірілмек

Сондай-ақ осы бұйрықтың жаңа форматында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлімінде пациенттердің триаж-сұрыптауын күшейту және оларды кез келген патологиямен қабылдау ұсынылады. 

Қабылдау бөлімі деңгейінде уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда, пациенттердің жай-күйін тұрақтандыруға дейін алғашқы реанимациялық және өзге де іс-шараларды көрсету үшін жаңа мамандық — қабылдау бөлімінің дәрігері ("emergency doctor") енгізіледі. 

Осылайша, ресурстарды ұтымды бөлу есебінен жаңа реформаның нәтижесінде: — пациент уақытылы және сапалы медициналық көмек алады;  - медициналық ұйым — кадрлық ресурстарды және емдеу-диагностикалық жабдықтардың неғұрлым тиімді және ұтымды пайдаланылуын, сондай-ақ уақытылы және сапалы медициналық қызметтерді көрсетуге қанағаттану деңгейін арттыруды;  - мемлекет — госпитальға дейінгі өлім-жітім деңгейін төмендетуді және күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуды алады.


Жаңалықтар
0