АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Өзбекстан елшілігі Алматыдан Қазақстанның елордасына көшіп келеді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Қазақстан сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қайрат Әбдірахманов Өзбекстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады.
Сұхбаттастар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, сонын ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген екі ел көшбасшыларының уағдаластықтардың іске асыру барысын талқылады.
"Саидикрам Ниязходжаев министрді Өзбекстан елшілігінің Алматыдан Астанаға көшуі жөнінде қабылданған шешім және дипломатиялық өкілдік ғимараты кешенінің құрылысы басталғаны туралы ақпараттандырды", — делінген хабарламада.
Тараптар сондай-ақ алдағы түрлі деңгейдегі екіжақты байланыстардың және Орталық Азиядағы халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.