Өңірлер

Көксай шатқалындағы сарбаздардың қазасы үшін офицер сотталуда

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысындағы әскери бөлімшенің штаб басшысына қызметіне салғырт қарап, салдарынан әскерилер қар көшкіні астында қаза тапты деген айып тағылды

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Шымкентте Жамбыл облысындағы жеті әскери қызметкердің қазасына айыпталушы офицердің соты басталды.

жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысындағы қар көшкінінен жеті адам қаза тапты

Шымкент гарнизонының әскери соты сайтына сүйенсек, Бақыт Шойбековтың соты сейсенбі күні басталыпты.

Жергілікті otyrar.kz сайтындағы ақпарат бойынша, Жамбыл облысы 91 678 әскери бөлімшесінің штаб бастығы, майор Шойбековке қызметіне салғырт қарады деген айып тағылған, қазір ол кепілмен босатылған.

Сотта әскери бөлімше өкілі сотталушыға мүліктік талаптар қоймайтынын мәлімдеді. Бөлімшенің офицерлері жиналысында, әскери қызметкерді бас бостандығынан айырудан басқа жаза қолдану туралы өтініш жазылып, сотқа берілген.

Сайт атап өткендей, қайғылы оқиға қарсаңында бөлімше командирі қызметтік сапармен кетіп, басшылық міндет штаб басшысының мойнында болған. 16 ақпанда таудағы ауа райының бұзылатындығы туралы дабылды ескерту шыққанына қарамастан, әскерилер тобы Көксай шатқалына оқу-жаттығуға аттаныпты.

Прокуратура мәлімдеуінше, майор Шойбеков топты оқу-жаттығу орнына жіберерде, жеке құрамның қазасы мен жарақат алуының алдын алатындай шаралар қолданбаған.

Сотталушы айыбын толығымен мойындады.

Жаңалықтар
0