Қоғам

Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана базарларындағы шіріген қарбыздарға қатысты пікір білдірді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуҚарбыз
Қарбыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордамызға Оңтүстік Қазақстан облысынан қауын шыбынымен құрттаған қарбыздар әкелінген

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасы Ержан Айнабеков мәлімдегендей, ОҚО-да қауын шыбынымен залалданған қарбыздар ошағы ауыздықталған.

Оңтүстік қарбыздары - Sputnik Қазақстан
Экономика
Алғашқы қазақстандық қарбыз Ресейге жөнелтілді

Демалыс күндері желіде пайда болған видеода елордалық "Алаш" базарында әйел адам құрттаған қарбызды кесіп көрсеткен. Берілген мәлімет бойынша бұл қарбыздар Астанаға Оңтүстік Қазақстандағы Батысжібек елді-мекенінен жеткізіліпті.

"Біз анықтап білдік, бұл жайт маусымда тіркеліпті: карантиндік объект – қауын шыбыны", — деді Айнабеков шіріген қарбыздар туралы сұраққа жауап беріп.

Оның айтуынша, зиянкес бақша дақылдарына зиян келтіреді, бірақ негізінен қауынға зардабын тигізеді.

"Бұл карантиндік зиянкес елміздің оңтүстік өңірлерінде кең таралған, сонымен бірге Орталық Азия елдерінде де кездеседі. Жыл сайын мемлекет зиянкестерді ауыздықтап, олармен күресуге қаражат бөледі, оның ішінде қауын шыбыны да бар. Бұл жайтқа келер болсақ, ауыздықтау және қауіпті жою бойынша карантиндік шаралар қолданылған", — деп сендірді АШМ өкілі.

Бірақ ол елордаға әкелінген шіріген қарбыздарға не болғаны жайында ештеңе айтпады. 


Жаңалықтар
0