Оқиға

Тараздағы пышақтасу: қашып кеткен полицейді іздеу жалғасуда

© Sputnik / Табылды Кадырбековқолында пышағы бар ер адам
қолында пышағы бар ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішіп алған полицейлердің дауы төбелеске ұласты

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Полицейлер əріптесіне пышақ жарақатын салды деген күдік келтірілген  Жамбыл облысы ІІД басқармасы бастығы Мұрат Үмбетəлиевті іздеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Жамбыл облысы полициясының жетекшілігі Тараздағы пышақтасудан кейін жауапқа тартылды. 

"Қылмыс жасағаннан кейін Мұрат Үмбетəлиев оқиға орнынан белгісіз жаққа қарай кетіп қалған. Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдары оның қайда екенін анықтауға бағытталған жедел іздестіру шараларын жүргізуде. Үмбетәлиевтен ресми түрде жауап алынған жоқ және ешқандай түсінік берген жоқ", деп хабарлады Сәдубаев. 

 Оның ақпаратына сәйкес, қылмыстық іс Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорының өндірісінде. 

10 тамыз күні түнде бірігіп ішімдік ішкен соң бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басқарма басшылары  Үмбетәлиев және Бектұрғанов арасында кикілжің туындап, арты төбелеске әкеліп соққан. Аталған дерек бойынша "Қастандық жасау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Министрлік атап өткендей, Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір Үмбетәлиевті ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр.


Жаңалықтар
0