Қоғам

Air Astana жолаушысына үстелшені жинамағаны үшін айыппұл салынды

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖолаушылар ұшағы
Жолаушылар ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам Астана-Алматы әуе рейсі бортында үстелшені жинап қоюдан бас тартып, қауіпсіздік ережесін сақтамаған

АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Air Astana жолаушысы қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді.

Әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметі 14 тамызда Астана-Алматы рейсі бортында болған оқиға туралы пікір білдіріп, ұшақтың төмендеген сәтінде жолаушылардың бірі үстелшені жинаудан бас тартқандығын мәлімдеді.

"Бұл ереженің орындалмауы жолаушының зақым алуына әкеп соғуы мүмкін, сол себепті міндетті түрде сақталуға тиіс. Әуе компания борт серіктері жолаушыдан үстелшені жинауды үш тілде сұраған, бірақ жолаушы аға борт серігін шақыруды талап етеді. Ал ол Алматыға қонуға ұшақты әзірлеп, қолы бос болмаған", — деп түсіндірді әуе компания баспасөз қызметі.

Air Astana қазақ тіліне аса құрметпен қарайтындықтарын айтты. Борт серіктері жұмысқа тұрмастан бұрын мемлекеттік тілде тест тапсырады.

Жаңалықтар
0