АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Астанадағы ЭКСПО көрмесінде тауар айналымының жалпы сомасы көрме өткен екі ай ішінде 905,7 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ.
"10 маусымнан 14 тамызға дейін жалпы құны 131 767 992 теңге тұратын 84 495 дана лицензиялық өнім сатылған. Көрме жұмыс істеген екі айда 537,8 тонна өнім жеткізілген. Халықты аспен қамту бойынша – қызмет көрсетілген келушілер саны 558,7 мың адам. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7 миллион теңге", — деп атап өтті ЭКСПО баспасөз қызметі.