Әлем

Ресей Қазақстанға көл сыйға тартты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуКөл
Көл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Новосибирск облысы "қажетсіз" көлден бас тартып, Қазақстанға берді

АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Новосибирск облысындағы Сладкое көлі Қазақстан Республикасына берілді, деп хабарлайды Новосибирск облысы Купино ауданының басшылығы порталы.

Көл Купино ауданы орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан.

"Қазіргі уақытта шекараны белгілеу жұмыстары аяқталған соң Сладкое көлі толығымен Қазақстан Республикасының аумағында жатыр", — деп ескертеді облыс басшылығы.

Купино ауданы басшысы Владимир Шубниковтың айтуынша, көлдің бір бөлігі онсыз да Қазақстан аумағына тиесілі екен.

"Бұл бөлікті жылжыта салған жөн болар еді. Бұл көлде балық жоқ, тек табиғатқа көрік береді, шекаралық өзгерістер экономикалық ахуалға да әсерін тигізбейді. Біздің ауданда Горькое көлі бар – ол нағыз шипалы су. Ал Сладкое – жартылай көл, жартылай батпақ – ешқандай пайдасы жоқ", — деп атап өтті Шубников.

Sputnik Қазақстан бұл туралы мәлімет алу үшін Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне хабарласты, алайда ведомство қандай да бір ақпарат беруге дайын емес.

Жаңалықтар
0