Мәдениет

Астанада жерлестері Батырхан Шүкеновті еске алды

© Sputnik / Айгюзель КадирБатырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт
Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концерт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылорда облысы күндері аясында ұйымдастырылған гала-концерт көрермендерге көптеген тосын сый жасады

АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. "Сыр Самалы" аспаптық ансамблі Астанадағы ЭКСПО амфитеатры сахнасында Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" композициясын орындады. Қызылордалық қобызшылар 2015 жылғы сәуірде өмірден озған танымал жерлестерін еске алды. 

Астанадағы Қызылорда облысының күндері аясында өткен "Сырдария-Жырдария" гала-концертінің ұйымдастырушылары Батырдың жұлдызы көк аспанда мәңгі жанып, оның шығармашылығы қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатынын атап өтті. 

Қазақстанның еңбек  сіңірген қайраткері, "А-Студио" тобының негізін қалаушы Батырхан Шүкенов Қызылордада өмірге келіп, өз Отанында ғана емес, оның аумағынан тыс жерлерде де танымал болды. 

Концертте Батырхан Шүкеновтің туған қаласында дүниеге келген, қазіргі заманғы қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары Мәдина Садуақасова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов және де осы аймақтың басқа да әртістері өнер көрсетті.    

Гала-концерт өз көрермендеріне біршама тосын сыйлар жасады. Қазақстандықтарды ЭКСПО көрмесінің өткізілуімен ғарышкерлер Халықаралық Ғарыш станциясының бортынан өз құттықтауларын жолдап, кеш барысында ливерпульдік "The Beatles"төрттігінің композицияларын қазақтың ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен орындалды. 

Концерт қонақтары арасында көрмені көруге келген атақты қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильин болды. Оның айтуынша барлығы "ойдағыдай" өтіп жатыр.


Жаңалықтар
0