Өңірлер

Астана әкімдігі жылыту маусымына әзірленуде

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтужылыту
жылыту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана Теплотранзит" мәліметінше, бүгінгі таңда трасса бойынша қызмет көрсететін жылу жүйесінің қашықтығы 696,655 шақырымды құрайды

АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Тұрғын үйлерге, әлеуметтік-мәдени нысандарға жылу беру, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету және су тарту нысандары алдағы маусымға кестеге сәйкес жүргізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұл туралы  Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиналыста үш аудан әкімі мен қаланың энергия нысандарының және қалалық ведомство басшылары баяндады.

Аудан әкімдері ведомствоға қарасты аумақтағы ағымдағы жағдай мен қаланың көп пәтерлі тұрғын үй қорының алдағы маусымға 2017-2018 жылдардың күз-қыс кезеңіне дайындығы туралы айтып берді.

2017-2018 жылдың энергия көздерінің, жылу және электрмен қамту желілерінің жылыту маусымына дайындығы жөнінде елордалық энергия нысандарының басшылары баяндады. Олардың ішінде "Астана-Энергия" АҚ, "Астана-Теплотранзит" АҚ, "Астана-РЭК" АҚ, 

"Астана қалалық жарық" ЖШС, Астана су арнасы" МКМ, Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау Комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің жетекшілері есеп берді.

Кәсіпорын бірқатар жұмыстар жүргізген: жылу жүйелерін төзімділік пен тығыздылыққа гидравликалық сынақтан өткізу (қысыммен тексеру), жалпы ұзындығы 1 230 текше метр жылу бөлу жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, "Энергия үнемдеу" бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 2 572 м2 жылу оқшаулағыш қалыпқа келтірілді.

Бүгінгі таңда 52 жылу магистралінің 48-не сынақ жүргізілді, бұл барлық көлемнің 92% құрайды. Қалған 4 жылу магистралін 29 қыркүйекке дейін сынау жоспарлануда. Энергия көдерінің жалпы дайындығы 67% құрайды, оның ішінде ЖЭС-1 — 66%, ЖЭС-2 — 62%, аудандық қазандықтар — 73%.

ЖЭС-1-де көмір қоры 36 766 тоннаны құрайды. (101% немесе 20 тәуліктік қордан 20,3 күн 36 140 тонна), — 4122 тонна (5819 — қор); ЖЭС-2-де – көмір қоры 313 263 тонна (162% немесе 20 тәуліктік қордан 33 күн 185 420 тонна), мазут 1513 тонна.

Электр желілерінің дайындығы —37,1%, жылу жүйелері – 72,5%, сумен қамтамасыз ету жүйелері – 63,5%, су тарту желілері — 45% әзір. 

Бүгінгі таңда Астананың орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 2567 әлеуметтік нысанының 2334 нысаны жылыту маусымына дайын, бұл 91% құрайды. Оның ішінде: 

Тұрғын үй қоры – 2360 нысаннан 2132-і немесе 90% дайын;

Денсаулық сақтау нысаны – 35 нысаннан 35 дайын немесе 100% дайын;

Білім нысандары – 159 нысаннан 155 дайын немесе 97% дайын;

Мәдениет нысандары – 13 нысаннан 12 немесе 92% дайын.

2017 жылға инвестициялық бағдарлама аясында 8 нысан көлемінде тораптық және бөлу желілерін қайта қалыпқа келтіру қарастырылған.

Айта кетейік, Астана әкімі ай сайын жылыту маусымына дайындық бойынша жиналыстар өткізіп тұрады. Алғашқы отырыстар осы жылдың маусым, шілде айларында өтті. 


Жаңалықтар
0