АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Фронттар бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман болады.
Алматы, Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.