Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхиновауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15-17 тамызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 14 тамыз— Sputnik. Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, кей жерлерде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі.

"Республика аумағына Мәскеу аудандарынан кезекті антициклон келеді, оның әсерінен еліміздің батысында күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды, ауа температурасы көтеріледі деп болжанып отыр", — деді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Айдана Абықан. 

Батыста алдағы күндері 38 градусқа дейін күн ысиды. Шығыс және оңтүстік өңірлерде жылы күн сақталады. Орталық және солтүстікте күн шамалы салқындайды. 

"Түнде солтүстікте ауа температурасы 7-12 градус, кей жерлерде 5-10 градус болады деп күтілуде. Күндіз күн 20-25 градустен 23-28 градусқа дейін ысиды. Орталық өңірлерде күндіз ауа температурасы 20-25 градустен 23-28 градусқа дейін көтерілуі ықтимал", — дейді Абықан. 

Бірақ барлық өңірлерде күн ашық болмайды. Алдағы үш күнде шығыс және оңтүстік-шығыста күн күркіреп, жаңбыр жауады, кейбір жерлерде  қатты жел тұрып, бұршақ түсуі ықтимал. 

Астанада алдағы үш күнде күн ашық болады. Түнде ауа температурасы 12-13, күндіз 23-25 градус жылы болады.  


Жаңалықтар
0