Оқиға

Балалардың ЭКСПО-да уланғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтубала
бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушылардың денсаулығы жақсы, ЭКСПО-ға 17 тамызда барады

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде жарияланған Құлсарыдан ЭКСПО-ға кеткен қырық бала туралы ақпаратты Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасында жоққа шығарды. 

"Біз бірден Жылыой орталық аудандық ауруханасы және білім беу басқармасымен байланыстық. ОАА ешқандай уланған баланың жоқ екенін айтты, әсіресе ауыр хәлде ешкімнің түспегенін жеткізді. Ал білім басқармасында деректерді тексеріп, Атырау облысы Құлсары қаласының №15 орта мектебінің оқушылары ЭКСПО-ға 17 тамызда баратынын хабарлады", — деп хабарлады Sputnik тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғалиев. 

ЭКСПО баспасөз қызметінде де Атырау облысынан балаларды осы аптада күтіп отырғанын жеткізді. ЭКСПО өткізу кезінде басқа топ оқушылардың улануымен байланысты оқиға болған жоқ. 

Уланған оқушылар туралы ақпараттың авторы Киев қаласында тұратын Айдос Садықов болып табылады. 

Жаңалықтар
0