АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Астанада выставки ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің маңыздылығын атап өтті.
"Біз ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге байланысты бауырлас Қазақстанның жетістіктеріне қуанамыз. Бұл шынымен де сіздер үшін, біздің одағымыз үшін айтулы оқиға", — деді Медведев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында.
РФ үкіметінің басшысы хабарлағандай, үкіметаралық кеңесте "бүгінгі таңдағы экономикалық мәселелер" талқыланатын болады.
"Жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін алғысымды білдіріп, екі жақты қарым-қатынасымыз соңғы жылдардағыдай жақсы әрі қарқынды дамитын болады деп үміттенемін", — деді Медведев.