Саясат

Қазақстан және Қырғызстан премьерлері шекараны межелеу мәселесін талқылады

© Photo : официальный сайт правительства КыргызстанаБақытжан Сағынтаев және Сооронбай Жээнбеков
Бақытжан Сағынтаев және Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшылары Астанадағы кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесіп, ынтымақтастықтың 2017–2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде техникалық көмек көрсету, теміржол тарифтерін сәйкестендіру, азаматтарға қойылатын көші-қон талаптарын жеңілдету салаларындағы мәселелер талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың 2017–2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын әзірлеудегі елеулі ілгерілеуді атап өтті, ол екі ел арасындағы таяу келешекке бағдарланған стратегиялық серіктестік пен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудың Жол картасына айналуы тиіс.

Бұдан өзге, Премьер-Министрлер екі тараптың қазақстандық-қырғыз мемлекеттік шекарасын межелеу бойынша Шартқа қол қоюға әзірлік деңгейін бағалады.

Сонымен қатар екі елдің өңірлік ұйымдардағы, соның ішінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің аясындағы өзара іс-қимылы тақырыптары қозғалды.

Оған қоса, Б. Сағынтаев пен С. Жээнбеков Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және а. ж. тамыздың соңында өтетін Қырғызстанның ұлттық күнін өткізу барысын талқылады. 

Кездесу соңында Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанды халықаралық көрмені қорытындылайтын Ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ саммитіне белсенді қатысуға шақырды.


Жаңалықтар
0