АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Семей әуежайындағы ұшу-қону жолағы жөнделіп жатқандықтан, ұшақтар уақытша құмды жолақтан аттанып жүрген болатын. Алайда бүгін әуежай жабық, өйткені жауын-шашын құмды жолақты шайып кетті.
"Қазір ұшу-қону жолағы жөндеуден өтіп жатыр, барлық рейстер құмды жолақ арқылы жүзеге асырылатын, оны жаңбыр шайып кетті", — деп мәлімет берді әуежай диспетчері.
Еске сала кетейік, Семей әуежайын жөндеу осы жылдың соңына дейін біту керек. Оған бюджеттен 10,197 миллиард теңге бөлінген.