АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысының ІІД бірқатар жоғары лауазымды шенеунігі департамент басқарма басшыларының пышақтасуы орын алған төбелестен кейін қызметтерінен айырылды.
10 тамыз күні түнде бірігіп ішімдік ішкен соң бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев, Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басқарма басшылары Үмбетәлиев және Бектұрғанов арасында кикілжің туындап, арты төбелеске әкеліп соққан.
Аталған дерек бойынша "Қастандық жасау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Министрлік атап өткендей, Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір Үмбетәлиевті ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр.
Жамбыл облыстық ІІД-нің Басқарма басшыларының және бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнына барған ҚР ІІМ министрінің орынбасары Марат Демеуовтың басшылығымен тәртіптің комиссия шешіміне сәйкес Үмбетәлиев пен Бектұрғанов жұмыстан босатылды.
"ІІД кадр жұмысы және қызметі басшысының орынбасары жұмыстан босатылғанын, ал ІІД басшысының бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды", — деп ақпараттандырды ", — деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.