Оқиға

Астананың орталығында тал түсте зергерлік дүкен тоналды

© Sputnikзергерлік дүкен
зергерлік дүкен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Жұма күні күндіз Астананың орталығында зергерлік дүкен тоналды, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі. 

"Бейбітшілік көшесі бойындағы зергерлік дүкенін тонау дерегі бойынша полицейлер осы қылмысқа қатысы бар тұлғаны анықтап, ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын өткізіліп жатыр", —  делінген хабарламада. 

Қалалық ІІД жедел басқармасы орталығының "102" пультіне 13.30-дар шамасында хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы жетті, патрульдік полиция экипажы бағдарланды. 

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде "Тонау" қылмыстық бабы бойынша тіркелді. 


Жаңалықтар
0