Оқиға

Украинадан сатып алынған ұшақты жеткізудің кешіктірілуін ІІМ-де түсіндірді

© Sputnik / Владимир Первенцев / Медиабанкке өтуАн-74 ұшағы
Ан-74 ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Украиналық Ан-74 ұшағын жеткізу туралы келісім 2014 жылы жасалды

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Украиналық Ан-47 ұшағының жеткізілуі қаржылық себептермен екі жылға кешігіп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ баспасөз қызметінде. 

Бұдан бұрын Украина премьер-министрі Владимир Гройсман Укрианда өндірілген Ан-774 ұшағы Қазақстанға жөнелтілетінін хабарлаған. Украиналық және ресейлік БАҚ ұшақты Қазақстанға жеткізудің кешіктірілуі Ресейде шығарылатын бірқатар авиациялық қондырғылар мен бөлшектерді Украинаға жеткізу мүмкін болмағандығымен байланысты деп хабарлаған. 

Қазақстан ІІМ хабарлағандай, ұшақ жеткізу туралы келісім  2014 жылғы ақпанда жасалған, құжатқа сәйкес, әуе кемесі 2015 жылғы қарашада жеткізілуі тиіс болатын. Келісім 20 миллиард АҚШ долларына жасалған. Қазақстан ІІМ ұлттық ұланы бұл соманың жартысын аударып қойыпты. 

"Қазіргі уақытта келісім-шартқа қосымша келісім жасалған, оған сәйкес, жеткізу мерзімі – 2017 жылғы қараша деп белгіленген. Қазіргі уақытта ұшақ 90 пайызға дайын. Жеткізудің кешіктіру себептері авиация компаниясының қаржылық мүмкіндігінің болмауы", — делінген министрліктің басылымға берген жауабында. 


Жаңалықтар
0