Оқиға

Шығыс Қазақстанда әйел мен екі қызының денесі өз үйінен табылды

CC0 / pixabay.com / Шығыс Қазақстанда анасы мен екі қызын өлтіріп кетті
Шығыс Қазақстанда анасы мен екі қызын өлтіріп кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция әзірге әйел мен екі қызының өліміне қатысты мән-жайды айтпай отыр

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында өз үйінен әйел мен оның екі кішкентай қызының денесі табылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

34 жастағы әйел мен оның екі қызының денесі бейсенбі Қатонқарағай ауданында Үлкен Нарын ауылында табылды. Үлкен қызы 9 жаста, кішкентай қызы бір жасқа да толмаған. 

"Полицейлер ҚР ҚК 99 бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды, жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр", — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне баспасөз қызметі. 

Істі тергеу барысы ІІД басшылығының ерекше бақылауына алынған. 


Жаңалықтар
0