АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Алматыда жаңа үйдің қаптауы опырылып құлай бастады.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Наурызбай ауданындағы жаңадан салынған "Премьера" тұрғын үй кешенінің қаптауы опырылып, аулаға құлап, тұрақта тұрған көлікке зақым келтірген.
Ол кезде аулада адамдар болған.
Instagram-да бұзылған көліктің суреті мен оқиға куәгерлерінің видеосы жарияланған.