АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр найзағаймен болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман болады.
Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болып, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, тұнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.