Оқиға

Алматы маңында екі автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуАвтобус салоны
Автобус салоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәпек батыр кентінде жолаушылары бар екі автобус соқтығысты

АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Алматы маңында екі бағыттық Isuzu автобусы соқтығысып, сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Белгілі болғандай, жол апаты 9 тамыз күні күндіз Іле ауданының Жәпек баты кентінде орын алды. Зардап шеккен автобус жолаушылары арасында екі ер кісі мен алты әйел бар. Олар дәрігер тексеріп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды. 

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде жол апаты дерегін растап, жүргізушілердің бірі бұрылу кезінде соқтығысуға жол бергенін айтты. Жол апатына себепші ҚР ӘҚБтК 610-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. 


Жаңалықтар
0