Спорт

Қазақстан FIFA рейтингінде бір сатыға көтерілді

Жазылу
Қазақстан құрамасының дүниежүзілік футбол рейтингісінде ең жоғары көрсеткіші 98-ші орын болған

АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер құрамасы тамызда Халықаралық футбол ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингінде бір қатарға көтерілді.  

10 тамызда жарияланған рейтингте Қазақстан алдыңғы шілде айында жарияланған рейтингпен салыстырғанда бір қатарға (106-ші орыннан 105-шіге) көтерілді. Бұл ретте осы мерзімде команда бірде-бір ойын өткізген жоқ. 

Рейтингті бастап тұрған Бразилия құрамасы, екінші орынға Германия көтерілді, үшінші орында Аргентина келеді. 

Посткеңестік кеңістік құрамалары арасында үздік көрсеткіш – 27-ші орында қалған Украина құрамасында.


Жаңалықтар
0