АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаева "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 жарлыққа өзгерістерге қол қойды, деп хабарланады Ақорданың сайтында.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті, валюталық реттеу мен бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.