Оқиға

Алматы түбіндегі әуе апаты: ұшақтың түгі қалмай жанып кеткен

CC0 / / Бұзылған ұшақ
Бұзылған ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болжам бойынша, ұшақтың апатқа ұшырауына құлауы себеп болған

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Алматы түбіндегі ұшақтың апатқа ұшырауының мән-жайы туралы ҚР ИДМ көліктік оқиғалар мен апаттарды тергеу бойынша департамент директоры Жәнібек Тайжанов айтып берді.

"Бастапқы мәлімет бойынша, ұшақ әуеге ұшқан соң, кенеттен құлай бастаған, соның салдарынан өрт шығып, түгі қалмай жанып кетті. Оқиға кезінде ұшақ бортында екі адам болды, екеуі де қаза тапты", — деді Тайжанов брифингте.  

Оның сөзіне сүйенсек, оқиға орнында құзыретті орган өкілдері жұмыс істеп жатыр. Тергеу нәтижелері туралы ақпарат БАҚ арқылы жеткізіледі. Тайжанов қаза тапқандардың аты-жөнін жариялаудан бас тартты.

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Желіде Алматы түбіндегі ұшақ апатының видеосы пайда болды

"Тергеу ережелері бар, соған сәйкес мұндай ақпаратты бере алмаймыз. Қорытынды есепте барлығы көрсетілетін болады", — дейді ол. 

Тайжановтың мәліметінше, ұшақ Азаматтық авиация академиясы жанындағы PART-FCL оқу орталығына тиесілі.

"Ол кезде, бастапқы мәліметтер бойынша, ауа райы жағдайы ұшақпен ұшуға қолайлы болған", — деп атап өтті Тайжанов.

Жаңалықтар
0