Қоғам

Туберкулездің сирек кездесетін түріне шалдыққан қазақстандық қыз Варшавадан Астанаға жеткізілді

CC0 / / Аурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызды санитарлық авиацияның арнайы рейсімен жеткізген

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Қазақстандық дипломаттар Варшавадан Астанаға туберкулездің сирек түріне шалдыққан 18 жасар қызды Республикалық санитарлық авиация орталығының арнайы ұшағына отырғызып, шығарып салды, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өкілі Әнуар Жайнақов.

Қыздың бейнесі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық қыз елге оралды
 

"ҚР елшілігі, Қазақстанның сыртық істер министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық санитарлық авиация орталығымен келіссөздер жүргізгеннен соң, 8 тамыз күні 21.30-да қазақстандық қыз арнайы ұшақпен Варшавадан Астанаға жеткізілді. Польшада емделіп жатқан кезінде, қазақстандық дипломаттар үнемі қызбен байланыста болып, Белосток ауруханасына барып тұрған әрі қыздың өзі және дәрігерлерімен күнделікті телефон арқылы сөйлесіп отырған. Қызға жан-жақты қолдау көрсеткендердің бірі — поляк университетінің оқытушылары. Жас, рухы мықты отандасымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз!", — деді Жайнақов.

Варшаваға оқуға барған қызға поляк дәрігерлері туберкулездің сирек кездесетін, ашық түріне шалдыққан деген диагноз қойыпты. Бұл дертті студент қыз туыстарының бірінен жұқтырған болса керек.

Қызды қоғамдық көлікпен жеткізу мүмкін болмағандықтан, санитарлық авиация көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Жаңалықтар
0