АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Бірнеше алматылық зейнеткер әжей полицейдің көмегімен троллейбусты жылжытып, жолдың шетіне қойды. Оқиға куәгері түсірген видео Instagram-дағы ztb_video тобында пайда болған.
"Тоғыз әже — күш", — деп жазыпты топтың администраторы.
Пайымдауымызша, әжелер онша қинала қоймаған сияқты: мәз-мейрам күліп, белгісіз бір "оператордан" суретке түсіруді сұрап жатыр. Оқиғаның нақты қай жерде болғаны айтылмайды, бірақ троллейбустағы қала таңбасына қарағанда Алматы көшелерінің бірі секілді. Ал күні адамға қарап қалған троллейбусқа не болғаны беймәлім.