Оқиға

Астана полициясы кішкентай қыздың туыстарын іздеп жатыр

© Photo : пресс-служба ДВД АстаныМилана
Милана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызды Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырды

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. 10 тамызда сағат түнгі бір кезінде Астана полициясы Қабанбай көшесіндегі айналма жолдан кәмелеттік жасқа толмаған қызды тауып алды. Оны Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырған, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.

Қыздың бейнесі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бахрейнде жоғалып кеткен қазақстандық қыз елге оралды

Қазір қыздың кім екені, ата-анасы мен туған-туыстары анықталып жатыр.

Қыздың ұлты еуропалық, жасы шамамен 3-4-те, өзін Милана деп таныстырды. Бойы 115-120 сантиметр, шашы сары, қысқа, көздері қоңыр. Үстіне қызыл күрте, ақ қапсырма, ақ жейде киген, шалбары қызғылт түсті, аяқ киімі қызғылт түсті.

Қызды таныған немесе оны білетін адамдар болса, мына нөмірлерге хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 71 60 22, 8 778 917 05 78.


Жаңалықтар
0