Спорт

Ольга Рыпакова әлем чемпионатында қанша табыс тапты?

© AFP 2024 / ANDREJ ISAKOVICОльга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондондағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондондағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Лондондағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Лондондағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған Олга Рыпакова 20 мың доллар табыс тапты, деп жазады vksport.kz.  

Басылымның хабарлауынша, жарыс чемпиондары 60 мың доллар алады. Ал әлемдік рекорд орнатқан спортшыларға 100 мың доллар көлемінде арнайы жүлде тағайындалады. 

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова әлем чемпионатында үшінші орын алып, 20 мың доллар табыс тапты. 

Еске сала кетейік, үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 7 тамызда Лондонда өткен әлем чемпионатында 14,77 метрге секіріп, қола медаль жеңіп алған болатын.


Жаңалықтар
0