АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Ресейлік тележүргізуші Александр Олешко НТВ телеарнасындағы "Ты супер! Танцы" халықаралық конкурсының жүргізушісі болады, деп жазады РИА Новости.
Бұдан бұрын Бірінші арнаның басшылығы әртіспен келісім-шартты оған лайықты жобалардың болмауынан созбағаны белгілі болды. Желіде арнадан тағы бір тележүргізуші – Андрей Малахов кетеді деген қауесет қызу талқыға салынып жатыр. РИА Новостиге дереккөзі шоуменнің жұмыстан кету туралы арыз жазып қойғанын хабарлады.
Александр Олешкоға НТВ-дағы би байқауын жүргізуді ұсынған. Байқауға әке-шешесінің қамқорысыз қалған балалар қатысады.