Өңірлер

Қазақстанның бірнеше облысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады

© Sputnik / Олег Макаров / Медиабанкке өтунайзағай
найзағай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Ақмола, Қостанай облыстары мен Астана қаласында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді деп болжанып отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет". Дауылды ескерту жарияланды. 

10-11 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертен тұман түсуі ықтимал. Осы күндері Астана қаласында найзағай, бұршақ, дауыл болады, солтүстік, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысында 10-шы тамызда тәулік бойы кей жерлерде найзағай, екпіні 15-20 м/сжел, бұршақ, дауыл тұруы мүмкін. 

10-11 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 10 тамызда бұршақ, дауыл тұруы ықтимал. 


Жаңалықтар
0