Өңірлер

Астана төңірегі толық 4G желісімен қамтылады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өту"Фейсбук" әлеуметтік желісі
Фейсбук әлеуметтік желісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана Innovations" АҚ Басқарма төрғасы Олжас Сартаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елордада 4G желісімен жабдықтауда проблемалар бар

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Астана әкімінің аппаратында өткен жиналыста ұялы байланыс операторларының қызметі, әсіресе қаланың шет аумақтарын ғаламтормен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарланады елорда әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

"Смарт Астана" жобасы аясында қаласының IТ инфрақұрылымын тексереміз. Атап айтқанда қалада 4G  желісімен қамтуды тексеру кезінде "КаР-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" және "Кселл" АҚ сынды ұялы байланыс операторларымен кездестік. Талқылау нәтижесі бойынша қаланың шеткі аумақтарына дейін байланыс сапасын жақсарту, ғалаомтормен 100% қамтамасыз ету үшін нақты мәселелер анықталды", — деді Сартаев. 

Ең басты мәселелер: көпқабатты үйлердің тұрғындары радиофобиядан зардап шегеді, базалық стансаға жақын жаңа құрылыстың салдарынан ғаламтормен жабдықталудың азаюы, ұялы байланыс операторлары үшін бөлінетін  радиожелі шоғырының жетіспеушілігі және қосымша базалық стансаларды орнату үшін мүмкіндіктердің жоқтығы. 

Бұл тек алдын ала шығарылған болжамдар ғана, әрі қарай тізбек өсе бермек, деп атап өтті "Астана Innovations" басшысы. Компания жүргізген тексеру кезінде проблемалық учаскелерді анықтады. 

Бүгінде компания бұл мәселелерді шешу үшін шешімдер ұсынуда. Атап айтқанда бағаналарда жарықтандыруды орнату арқылы, сондай-ақ ағаштардың астынан камуфляждаумен базалық стансалар үшін шешімдерді камуфляждау нұсқасы бар.

"Біз бұл мәселеге сәулет басқармасы мен урбанистика орталығы белсенді атсалысқануын ұсынамыз.  Біз олармен бірлесіп байланыс операторларымен жұмыс істеуге дайынбыз. Екінші шешім, тіректерді орнату үшін жер учаскелерін бөлу. Жер қатынастары басқармасына проблемалық аумақтарда қосымша базалық стансаларды салу үшін учаскелерді бөлу мүмкіндігін қарастыру керек деп санаймыз. Біз кездесулерді ұйымдастыруға бар ынтамызды салып, ықпалдастық көрсетуге дайынбыз", — дейді Олжас Сартаев. 

Сартаев сондай-ақ мектептерде, емханалар мен басқа әлеуметтік маңызы бар нысандар секілді мемлекеттік мекемелерде және ведомство жанындағы ұйымдарда базалық стансаларды орнату мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды. 

 

Жаңалықтар
0