Әлем

Мұсылман елі астанасында тұңғыш рет құрбан шалуға рұқсат берілді

© Sputnik / Саид Царнаевқойлар
қойлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы уақытқа дейін қала билігі тарапынан құрбан шалуға түбегейлі тыйым салынған болатын

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Тәжікстан астанасы Душанбе қаласының билігі биыл тұңғыш рет құрбан шалуға рұқсат берді, деп жазады muslim.kz. 

Курбан Айт в Астане: праздничный намаз и посещение Назарбаевым мечети - Sputnik Қазақстан
Фото
Қазақстанда Құрбан айт мерекесін қалай атап өтеді

Нақтырақ айтқанда, Душанбе қаласын ел президенті Эмомали Рахмонның ұлы басқарады. Яғни, аталмыш қаланың аумағында биылдан бастап құрбан шалуға рұқсат. Осы уақытқа дейін қала билігі тарапынан құрбан шалуға түбегейлі тыйым салынған болатын.

Душанбеде құрбан шалуға арнайы орындар бөлініп отыр. Бұрынғы КСРО елдері арасындағы мұсылман салт-дәстүріне қырындау қарайтын елдің мұндай қадамға баруын жергілікті мұсылмандар жақсылыққа балап отыр.

Айта кетсек, мұсылмандардың ұлық мерекелерірнің бірі — Құрбан айт мейрамының алғашқы күні биыл 1 қыркүйекке тұспа-тұс келеді. 


Жаңалықтар
0