АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қазақстанға Түркиядан Коксаки вирусы келді деген мәлімет жоқ, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.
"Коксаки вирусына келер болсақ, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті еліміздің ішіндегі және шетелдегі инфекцияларға санитарлық-эпидемиологиялық шолу жасайды. Тиісінше, елімізге туристер мен мигранттар келген кезде, инфекцияны анықтау үшін қадағалау шаралары жүргізіледі. Қазақстанға Коксаки вирусының келгені туралы ақпарат жоқ, қосымша мәлімет хабарланатын болады", — деді Ақтаева үкіметтегі брифингте.
Бұдан бұрын БАҚ Белектен бір апта бұрын келген қазақстандықтардың вирус жұқтырғаны туралы хабарлаған еді. Атап өтілгендей, екі балаға Коксаки вирусы жұққанын түрік дәрігерлері айтқан.