АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Елордада жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанат 2 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова хабарлады.
"Бірінші қыркүйек — Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты шара 2 қыркүйекте өтеді. Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады", — деп хабарлады Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.