Оқиға

Қапшағайда екі адам суға кетті

© Sputnik / Серикжан КовланбаевҚапшағай көлі
Қапшағай көлі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қапшағайда шомылу кезеңі басталғалы бері 15 адам суға батып, қаза тапты

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қапшағай өңірі жедел құтқару жасағының сүңгуірлері суға кеткен екі жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды patrul.kz.

Суға шомылу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Құтқарушылар адамдардың не себепті суға кететінін айтты

Қайғылы оқиға 8 тамызда "Сәуле" демалыс орнында болған. Суға кеткендерді іздеуге жеті сүңгуір құтқарушылар жұмылдырылды.

Іздеу аумағында, құтқарушылардың өтінішіне сәйкес, барша  жұрт судан шықты. Оқиға куәгерлерінің сөзіне жүгінсек, жігіттер ескертулерді тыңдамай, резеңке қайыққа отырып кеткен екен. Олар 300 метрдей жерге алыстап, суға секіріпті, қайықты ағыс жағаға ағызып әкетсе керек.

Жас жігіттер (бірі 21-де, екіншісі 20-да) суға батып кеткен жерді оқиға куәгерлері бөтелкемен белгілеп қойыпты.

20 минут өткенде сүңгуірлер төрт метр тереңдіктен бір жігіттің денесін алып шықты. Екіншісін іздеу жалғастырылып, ол да көп ұзамай табылды.


Жаңалықтар
0