Саясат

Режеп Ердоған Астанаға келеді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуТүркия президені Режеп Тайып Ердоған
Түркия президені Режеп Тайып Ердоған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркия көшбасшысының сапары 2017 жылғы қыркүйекке жоспарланған

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылап, бірқатар халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

"Түркия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге, сондай-ақ биылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға ниетті екенін білдірді", — деп жазады Ақорда. 


Жаңалықтар
0