Өңірлер

Қостанайда есірткі мафиясын әйел басқарған

Жазылу
Қылмыстық топ былтыр жыл бойы белсенді жұмыс істеген

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Қостанайда 11 адамнан тұратын есірткі мафиясын әйел адам басқарған. Қылмыстық топ мүшелерін айыптау бойынша қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотқа жөнелтілді, деп хабарлайды Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Кісі өлтіру - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда ер адам жолдастарымен бірігіп, бұрынғы әйелін өлтірген

Ақпаратқа сүйенсек, Қостанай және Рудный қаласының 11 тұрғыны "ірі және аса ірі көлемде есірткілік заттарды сату үшін заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау" әрекеттеріне барған. Олар бұл қылмысы үшін 15-20 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. 

Есірткі мафиясы былтыр жыл бойы белсенді жұмыс істеген. 2016 жылы желтоқсанда күдіктілер ұсталды. Қылмыстық топтың басшысы әйел адам болып шықты, оның үйін тінту барысында 3 килограмм 227 грамм героин мен оқ ататын қару және оқ-дәрі табылған.


Жаңалықтар
0