Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбіде ашық ауа райы күтіледі

© Sputnik / Серикжан КовланбаевФонтан
Фонтан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың солтүстігінде, батысында және шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Қазақстанның басым аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты. Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22, екпіні 30 м/с күшеюі күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Оңтүстік-Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с бұрқасынмен қатар күшеюі күтіледі.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Батыс-Қазақстан, Қостанай  облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20м/с күшеюі күтіледі, Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшеюі күтіледі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында өте қатты ыстық ауа райы сақталады, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстырында өте ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық, Алматы, Жамбыл, Кызылорда кей жерлерде Оңтүстік-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Алматы, кей жерлерде Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Жаңалықтар
0