АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бұдан бұрын сот Бишімбаевты қамауға алу мерзімінен 10 тамызға дейін ұзартқан болатын.
"Алматы ауданының №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі шешімнің мерзімін 10 қыркүйекке дейін ұзартты", — деді Sputnik Қазақстанмен әңгімелесуші телефон арқылы.
Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев 12 қаңтардан бастап қамауға алынды. Экс-министрге бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Тергеу тұжырымы бойынша, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингтің төрағасы болған кезде Қуандық Бишімбаев 1 миллиард теңгені жымқырудың қылмыстық жолын ұйымдастырған.