Өңірлер

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір өңірлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғады

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. 8-10 тамызда елімізде аптап ыстықтың беті қайтып, күн салқындайды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Антициклонның орнына Таймыр аудандарынан терең және ылғалды циклон келеді, ол Қазақстан аумағына жаңбыр және салқын ауа алып келеді, сондай-ақ кейбір аудандарға бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 

екі облыста дабылды ескерту жарияланды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

Солтүстікте ауа температурасы 18-23 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 26 градусқа дейін жылы, ал батыс, шығыс және оңтүстікте ауа температурасы шамалы төмендеп, 30-38 жылы болады деп болжанып отыр. 

Астанада 8 тамызда күн жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+38°С.

9 тамызда күндіз күн күркіреп, аздап жауын жауады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.

10 тамызда күндіз күн күркіреп, аздап жауын жауады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +23+25°С.

Алматыда 8 тамызда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +34+36°С.

9 тамызда ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.

10 тамызда күндіз күн күркіреп, аздап жауын жауады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.


Жаңалықтар
0