Өңірлер

СҚО әкімі полиция пункті маңында болған атышулы қылмыстарға наразылығын білдірді

© Sputnik / Наталья СеливерстоваОқ
Оқ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
СҚО әкімі Нанаевтың өлімі мен жақында болған атыстың полиция пункті жанында орын алғанына ашулы

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Дүйсенбі күні әкімдік отырысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов жақында жасөспірімдер арасында болған атысты еске алып өтті, деп хабарлады өңірдің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

"Парк Ситиде" баскетболшы Игорь Нанаевтың қаза табуы қоғамның назарына ілінді. Сот үдерісі ұзақ жүріп, талқыланып, үкім шығарылды. Алайда тура сол жерде жақында тағы бір қылмыс орын алған – жасөспірімдер арасындағы атыс. Ол жерде полиция пункті бар, бақылау камералары қойылған", — дейді өңір басшысы.

Жергілікті полиция басшысы Қанат Айтбаев аталмыш дерек туралы берген есебінде тергеу ісінің жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аяқтала салысымен шара қолданылып, тіпті ішкі істер органдарынан қызметкерлер жұмыстан шығарылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0